Қазақстандық қақпашы “ПСЖ” немесе “Челсиге” ауысады – Еуропа сарапшылары таңданыс үстінде

Бүгін, 15:15

Польшалық танымал журналист Мацей Калишук қазақ футболының жас жұлдызы, қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық қақпашы “ПСЖ” немесе “Челсиге” ауысады – Еуропа сарапшылары таңданыс үстінде

Калишуктің пайымдауынша, Анарбековтің әлеуеті Еуропаның топ клубтарында ойнауға толық жетеді. Ол Темірланды жай ғана талант емес, үлкен клубтар үшін нағыз тиімді инвестиция деп есептейді.

"Темірлан Анарбеков — өте дарынды ойыншы. Егер ол өз деңгейін көтеріп, мотивациясын жоғалтпаса, оның "Атлетико", “Челси” немесе "ПСЖ” сияқты алпауыттардың қатарынан табылатынына еш күмәнім жоқ." — дейді журналист.

Сарапшының айтуынша, қазіргі таңда Еуропаның көптеген алпауыт ұжымдарында, соның ішінде Париждік "ПСЖ"-да қақпашы мәселесі бар. Бұл жағдай біздің отандасымыз үшін үлкен мүмкіндікке айналуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×