Қазақстандық қақпашы Әзербайжан чемпионы атанды

Бүгін, 11:42

Көп жылдар бойы ешкімге дес бермеген “Қарабақтың” үстемдігі аяқталып, Стас Покатилов бастаған “Сабах” клубы мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық қақпашы Әзербайжан чемпионы атанды

Чемпиондық тағдыры “Нефтчи” мен “Қарабақ” арасындағы кездесуде шешілді. Турнир кестесінде Покатиловтың командасын өкшелеп келе жатқан “Қарабақ” бұл ойында 1:2 есебімен есе жіберді. Осы жеңілістен кейін қарсыластарының “Сабахты” қуып жетуі математикалық тұрғыдан мүмкін болмай қалды.

Бұл жеңістің Қазақстандық жанкүйерлер үшін орны бөлек. Себебі Стас Покатилов – команданың негізгі қақпашысы ғана емес, ұжымды алға сүйрейтін капитаны. Ол маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп, командасының қорғанысын бекемдеді.

Бұл – “Сабах” футбол клубының өз тарихындағы алғашқы алтын жүлдесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×