Филип Будковский ҚПЛ-ге ауысуы мүмкін. Украиналық шабуылшы "Ертіспен" келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған Павлодарлық "Ертіс” назарына Луганскінің "Заря” командасының шабуылшысы Филип Будковский ілікті.
Украина құрамасының сапында өнер көрсеткен футболшы Павлодарлық ұжымнан ұсыныс түскенін жасырмады. "Украинскому футболу" басылымына берген сұхбатында ол жағдайдың мән-жайын түсіндіріп өтті:
"Қызығушылық бар екені рас. "Ертіс" өкілдері маған хабарласып, трансфер үшін "Заряға” аз мөлшерде өтемақы төлеуге дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, қазіргі клубыммен де келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер жүріп жатыр. Барлығы жақын арада белгілі болады." – деді Будковский.
33 жасар Будковский – халықаралық деңгейде тәжірибесі бар, бойы ұзын, шебер шабуылшы.