Қазақстандық клуб загребтік “Динамо” түлегімен құрамын күшейтпек

31.07.2024, 10:33

Босниялық шабуылшы Андрия Дрльо алдағы уақытта “Қызылжар” сапына ауысады. 

Қазақстандық клуб загребтік “Динамо” түлегімен құрамын күшейтпек

21 жастағы загребтік “Динамо” түлегі оң қаптал вингері позициясында өнер көрсетеді. 

Transfermarkt порталы Дрльоны 200 мың еуроға бағалайды. Және “Қызылжардың” Андриямен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа отырғанын хабарлайды. 

Соңғы рет ол босниялық "Железничар" клубында өнер көрсетті. Өз отанында 21 жастағы жас аяқдопшы "Зриньски" және "Широки-Бриег" намысын қорғады. 

Вингер Боснияның 17,18,19 және 21 жасқа дейінгі құрамаларына шақырту алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×