Қазақстандық клубтар неге пайда таппайды?

31.03.2025, 16:53

Бәрімізге белгілі болар, қазақстандық клубтардың басым бөлігі мемлекеттен алынған бюджетті пайдасыз легионерлердің жалақысына жұмсайды.

Қазақстандық клубтар неге пайда таппайды?
ҚПЛ кездесуінен

Тым болмаса матчтарының билетін сатып пайда көрмейді. Өйткені, ойындары халыққа қызық емес. Бұл мәселенің шешімі қандай?

Жалпы, қазақстандық клубтардың аз ғана пайда көруінің бірнеше себебі бар. Соның бірі - маркетинг мәселесі. Клубтарымыздың көбі жанкүйерлермен жұмысқа немқұрайлы қарайды. Мұндай нәрсені кейбір клубтардан тіпті байқамаймыз да. Еуропалық клубтар кез-келген затқа команданың эмблемасын салып еркін сата береді. Ал бізде болса жанкүйерлер команданың жейдесін әзер дегенде табады. Тым құрыса ютуб арналарына команданың ойындарын, жаттығуын жақсылап монтаждап неге салмайды? Бұл бір мәселе. Екінші бір мәселе - мемлекеттің ақшасына күн көретін клубтарымыздың трансферлік жұмысының әлсіздігі. Қайдағы жоқ легионерлерді алып келеді де оларға пәленбай мың доллар жалақы береді. Мемлекет беріп отырған ақшаны басшылық аясын ба? Легионерлерде де ұят жоқ. Аларын алып, бір-екі жылдан соң кетіп қалады. Футболшылармен 4-5 жылдық мерзімдегі келісімшарт жасасып үйрену керек. Қазіргі таңда Еуропада 10 жылдық келісімшартқа отырғандарды көріп жүрміз. Негізі ең басты мәселе қазақ футболына насихаттың аздығы. Қазақстанда футболға қызығатын адам көп. Қазақ футболына қызығушылық танытатындар аз. Барлығы дерлік еуропалық футболды сүйіп тамашалайды. Ал өзіміздің футболды өзіміз қарамасақ еліміздегі футбол сонда не үшін қажет?

Нұрасыл МҰРАТБЕК 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×