Қазақстан намысын еурододада қорғап жатқан “Астана” мен “Қайрат” клубтарының гол+пас жүйесі бойынша үздіктері кім?
Чемпиондар Лигасында бақ сынасып жатқан “Қайрат” клубының дарабоздары:
1.Дастан Сәтпаев - 4 ұпай (3 гол, 1 голдық пас);
2.Жоржиньо - 4 ұпай (2 гол, 2 голдық пас);
3. Луиш Мата - 2 ұпай (2 голдық пас);
4.Александр Мрынский - 1 ұпай (1 гол);
5.Еркін Тапалов - 1 ұпай (1 голдық пас)
6. Валерий Громыко - 1 ұпай (1 гол);
Конференция Лигасындағы “Астананың” үздіктері:
1.Иван Башич - 1 ұпай (1 гол);
2.Чинеду Джеффри - 1 ұпай (1 гол);
3.Усман Камара - 1 ұпай (1 гол);
4.Марин Томасов - 1 ұпай (1 голдық пас);
Елорда командасы Еурокубоктік жорығын “Қайраттан” кеш бастады. Тек бір ғана іріктеу кездесуін өткізген Бабаян шәкірттері ертең сағат 23:15-те швейцариялық “Лозаннамен” кім мықтыны анықтайды. Осы матчтардан кейін “Астана” футболшыларының статистикалық көрсеткіші “Қайраттыкіндей” жақсы болады деген сенімдеміз.