Алматылық “Қайраттың" Еурокубок жолындағы алғашқы қадамдары айқындала бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.
2025 жылғы Қазақстан чемпионы ретінде “Cары-Қаралар” 2026/27 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
“Қайрат” турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне қатысатын ұжымдардың ресми тізіміне енді. Рейтингтік ұпайларының жоғары болуына байланысты Алматылықтар жеребе кезінде “таңдаулылар” себетіне түсті.
Бұл мәртебенің басты артықшылығы — “Қайрат” алғашқы айналымда рейтингі төменірек, деңгейі әлсіз қарсыласпен кездеседі. Осылайша, Еурокубоктық маусымды сәтті бастауға жақсы мүмкіндік туып отыр.
“Қайраттың” ықтимал қарсыластары
Қазіргі таңда бірінші іріктеу кезеңінде бақ сынайтын 11 ұжым нақты анықталды. Жеребе қорытындысы бойынша Алматылық клуб төмендегі командалардың біріне тап болуы мүмкін:
– “Нью-Сейнтс” (Уэльс)
– “Хамрун Спартанс” (Мальта)
– “Интер Эскальдес” (Андорра)
– “Левски” (Болгария)
– “Арарат-Армения” (Армения)
– “Дифферданж 03” (Люксембург)
– “Влазния” (Албания)
– “Сабах” (Әзербайжан)
– “Кауно Жальгирис” (Лит Литва)
– “Сутьеска” (Черногория)
– “Иберия 1999” (Грузия)
– “Виртус” (Сан-Марино)
– “Вардар” (Солтүстік Македония)
– “МЛ Витебск” (Беларусь)