Қазақстандық команда еурокубок кездесуі алдында ойыншысымен қош айтысты

01.08.2024, 13:04

33 жастағы Евгений Шахов келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Тобылдан” кетті.

Қазақстандық команда еурокубок кездесуі алдында ойыншысымен қош айтысты

Сары-жасылдар сапында ол барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 2 гол соқса, тағы 2 голдың соғылуына мүмкіндік жасады. “Тобылмен” бірге Шахов Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын иеленді.

Евгений өз мансабында жергілікті “Арсенал” Киев, “Днепр”, “Заря”, грекиялық ПАОК, АЕК, итальяндық “Лечче” клубтарында өнер көрсетті.

Трансфермаркет жартылай қорғаушыны 250 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Тобыл
Серіктес жаңалықтары
×