Қазақстандық команданың сырт алаңдағы кездесуін португалдық төрешілері бригадасы басқармақ

Луиш Годиньо бастаған азаматтар “Интер” - “Қайрат” кездесуінде қызмет жасайды. 

Қазақстандық команданың сырт алаңдағы кездесуін португалдық төрешілері бригадасы басқармақ

“Интер” - “Қайрат” арасындағы еурокубоктің 4-тур матчы 5-нен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өтеді. 

Бас төреші: Луиш Годинью (Португалия);

Төреші көмекшілері: Руй Тейшейра, Педру Алмейда (екеуі – Португалия);

VAR: Андре Нарсишу (Португалия);

VAR көмекшісі: Тьягу Мартинш (Португалия);

Төртінші төреші: Антониу Нобре (Португалия).

Бас төреші Луиш Годиньо бір матчта кем дегенде, 5 сары қағаз көрсетеді. Португалдық сары қағазды оңды-солды шашқанымен, футболшыларды алаңнан сирек қуады екен. Луиш Чемпиондар Лигасы аясында қызмет жасаған соңғы 3 кездесуінде өрескел тәртіп бұзылу байқалмады. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Интер Милан
Aladop Youtube
×