Қазақ футболының ардагері Юсуп Шадиев биылғы чемпионаттың бас жүлдесінен дәмелі командаларды атап өтті.
«Алтынға талас ерекше тартысты болатын секілді. Меніңше биылғы біріншіліктегі талас соңғы турға дейін жалғасады. «Ақтөбе»,«Елімай»,«Қайрат» және «Ордабасы» үзеңгі қағыстырып келеді және бас жүлдеден үміткерлер де осылар. Сондай-ақ,«Астананы» да есептен шығаруға болмайды. Елордалық клуб әлі ұпай санын толықтыра түседі. Ал чемпионды дәл табуға командалардың өткізетін ойын сандарының бірдей еместігі кедергі болуда», - деген еді Ю. Шадиев.
Айта кетейік, премьер-лиганың 20 турынан кейін бірінші орында «Ақтөбе» келеді. Екінші орында «Елімай», ал турнирлік кестенің соңғы сатысына қарағандының «Шахтері» орналасқан.
Біздің серіктес: FONBET