Қазақстандық маман «Қайрат» туралы: шетелдіктердің өнерін тамашалауға аса бір қызығушылығым жоқ...

01.04.2025, 17:50

Болат Есмағамбетов «Қайраттың» соңғы кездесуін талдап, алматылық клубтың ерекше қасиетін тілге тиек етті.

Қазақстандық маман «Қайрат» туралы: шетелдіктердің өнерін тамашалауға аса бір қызығушылығым жоқ...
"Қайраттың" футболшылары

Сондай-ақ, маман ҚПЛ чемпионының құрамында жергілікті футболшылардың аздығына да налыған болатын.

«Қайрат» бұл ойынды мінезбен алып шықты деуге болады. Он адаммен жүріп, жеңіс голын соғып кетті. Барынша бруталды жеңіс деуге болады. Тек аталған матчта қазақстандық футболшылардың өте аз болғаны ғана көңілге қаяу түсіреді – бір, екі сонымен бітті... Кей кездері мұндай кездесулерге қарағың келмейді екен, өйткені онда біздің ойыншылар жоқ десе де болады. Ал шетелдіктердің өнерін тамашалауға аса бір қызығушылығым жоқ», - деді Б. Есмағамбетов Sports.kz-ке. 

Айта кетейік, «Қайрат» ҚПЛ-2025-тің үш турынан кейін 7 ұпаймен көш бастауда. Рафаэль Уразбахтиннің командасы өткен демалыста сырт алаңда «Тұраннан» басым түскен 2:1. Ал 4-турда алматылықтар Атырауға қонаққа барады. Бұл ойын 6-сәуірге жоспарланған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×