Қазақстандық миллиардер “Астананы” сатып алу мүмкіндігін жоққа шығарды

16.12.2025, 08:45

Қазақстандық миллиардер Андрей Лаврентьевтің "Астана" футбол клубын сатып алуы немесе басқаруға алуы туралы тараған алыпқашпа әңгімелердің негізсіз екені расталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық миллиардер “Астананы” сатып алу мүмкіндігін жоққа шығарды
Андрей Лаврентьев

Бұған дейін БАҚ-та Qarmet компаниясының иесі Андрей Лаврентьевтің "Астана” футбол клубына иелік етуге қызығушылық танытуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Алайда, Qarmet компаниясы бұл қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды.

"Forbes” басылымына берген жауабында Qarmet өкілдері:

"Астананы” сатып алу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізілмейді және жоспарланбайды. Қазіргі уақытта біз компания қаржыландырып жатқан спорт жобаларына баса назар аударып отырмыз.” – делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×