РПЛ-дің 8-турында Грозныйдың "Ахматы" өз алаңында мәскеулік "Локомотивті" қабылдап, жеңісті қолдан шығарып алды. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Матчтың 46-минутында Эгаш Касинтура алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда ойын соңына қарай "Ахмат” қорғаныста қателік жіберіп, 80-минутта Алексей Батраков соққан голдан кейін жеңісінен айрылды.
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов бұл ойында 63-минутта алаңға шықты. Ол Брайан Мансильяны алмастырып, командаға шабуылда белсенділік қосты, бірақ есепті өзгертетін мүмкіндік табылмады.
Осы тең нәтижеден кейін "Ахматтың” қоржынында 9 ұпай бар және команда турнир кестесінде 9-орында тұр.