Қазақстандық шабуылшы Испания Сегундасында маңызды гол салды

20.10.2025, 12:42

Данил Анкудинов Испания корольдігінің футбол федерациясының Үшінші дивизионындағы 10-топтағы жетінші турда «Сеута В» сапында сырт алаңда «Кадис В» клубына қарсы өнер көрсетіп, мергендігімен көзге түсті.

Қазақстандық шабуылшы Испания Сегундасында маңызды гол салды
Данил Анкудинов

Қазақстандық футболшының салған гол (90-минут) қонақтарды жеңілістен құтқарған болатын. Себебі, «Сеута В» санаулы минут қалғанда 1:2-мен ұтылып жатқан. Данил аталған матчқа тек 72-минутта шыққанын да айта кету керек. Бұл шабуылшының екі кездесудегі екінші добы. Ол намысын қорғайтын «Сеута В» 10 ұпаймен он бірінші орында келеді. Өткен маусымда отандасымыз бесінші дивизионда ойнайтын «Менсахеро» намысын қорғаған.

22 жасар футболшы Қарағанды тумасы. Мансабында молдовалық «Шериф», армениялық «Ван», ресейлік «Родина» мен литвалық «Джюгас» жейдесінде доп тепкен. Сондай-ақ, U17, U19 және U21 Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамаларының қатарында өнер көрсеткен.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×