Қазақстандық шабуылшы Испанияның жасөспірімдер чемпионатын ұтты

Бүгін, 11:37

«Валенсия» академиясының 14 жастағы қазақстандық шабуылшысы Ғабидолла Оразалы жасөспірімдер арасындағы Испания аймақтар турнирінде топ жарды.

Қазақстандық шабуылшы Испанияның жасөспірімдер чемпионатын ұтты
Ғабидолла Оразалы

Отандасымыз турнирдің финалдық ойынына қатысты. Ғ. Оразалы екінші таймда, матчтың 70-минутында алаңға алмасуға шығып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойынның өзіне келер болсақ, Валенсия қауымдастығының құрамасы Каталония командасын 2:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар, «жарқанаттар» түлегі Мадридтің үздік футболшыларына қарсы жартылай финалдық ойында да алаңнан бой көрсеткен (3:1) - 30 минут ойнады. U-14 Кубогының алты маусымында валенсиялықтар екінші рет жеңіске жетіп отыр.

Ғабидолла Ораз «Астана» футбол мектебінің түлегі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×