Қазақстандық шабуылшы «Валенсияның» жастар командасының сұрмергені атанды

15.01.2026, 16:43

13 жасар Ғабидолла Оразалы дәл қазірдің өзінде «Валенсия-14» командасының сапында алғашқы жаттығуына қатысып үлгерді.

Қазақстандық шабуылшы «Валенсияның» жастар командасының сұрмергені атанды
Ғабидолла Оразалы "Валенсия" сапында

Оған ілінудің өзі үлкен жетістік саналады, себебі бәсекелестік өте жоғары. «Валенсия» бапкерлері құрамға «Эльче» мен «Вильяреал» жүйесінің балалары арасынан ең үздіктерін іріктеп алады. Қазақ футболшысы солардың қатарынан табылған болатын. Енді отандасымыз командасымен бірге жалпы Испания көлемін қамтитын турнирде бағын сынайды.

Айта кетейік, Ғ. Оразалы «Валенсия» намысын былтырдан бері қорғап келеді. Биылғы маусымдағы 15 матчта 12 гол соғып, мергендігімен дараланған болатын.    

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×