Қазақстандық талант “Барселона”, “Реал”, “Атлетиколарға” қарсы ойнайды

Бүгін, 07:45

Испанияның "Леванте" клубында доп тебетін отандасымыз Алдияр Нұрғали командасымен бірге Король кубогындағы (Copa del Rey U19) алғашқы қарсыласын білді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық талант “Барселона”, “Реал”, “Атлетиколарға” қарсы ойнайды

Бұл турнир — Еуропадағы ең беделді жастар жарыстарының бірі.

Алғашқы кедергі — Каталония клубы

Турнирдің 1/16 финалында Алдиярдың командасы Каталониялық "Дамм” ұжымына қарсы шығады. Бұл клуб тек жас таланттарды тәрбиелеумен аты шыққан. 

"Барселона” немесе "Валенсия" 

Егер "Леванте” алғашқы кезеңнен сүрінбей өтсе, оларды "Лас-Пальмас” – "Москито” жұбының жеңімпазы күтіп тұр. Ал одан әрі ширек финалға жол ашылса, Алдияр Нұрғали нағыз алпауыттар — "Барселона” немесе "Валенсиямен” кездесуі мүмкін.

Турнирдегі басты фавориттер:

• Жоғарғы торда: "Барселона", "Валенсия”, "Леванте"

• Төменгі торда: "Реал” мен "Атлетико”, "Вильярреал”, "Бетис"

Турнир қашан басталады?

Биыл 74-ші рет жалауы желбірейтін беделді доданың алғашқы ойындары 17 қаңтарда бастау алады. Ал Кубок иегері көктемде анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×