Румыния төрінде өткен жасөспірімдер арасындағы матч нәтижесінен бұрын, Қазақстандық талантқа түскен назармен есте қалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Румынияның Буфтеа қаласындағы ұлттық футбол орталығында Қазақстан мен Украинаның U19 жасөспірімдер құрамалары арасында матч өтті. Ойын нәтижесі отандастарымыз үшін көңіл көншітпегенімен (0:3), бұл кездесу отандық футболдың болашағы үшін маңызды оқиғаға айналды.
Dop телеграм арнасының хабарлауынша, бұл матчты тамашалауға Германияның Бундеслигасы мен Италияның Серия А клубтарының скауттары арнайы келген. Еуропалық мамандардың басты назары Қазақстан құрамасының капитаны — Азамат Тұяқбаевқа ауды.
Азамат бұл ойынға капитан ретінде командасын бастап шықты. Украина құрамасының басымдығына қарамастан, Тұяқбаевтың алаңдағы ойын мәнері мен көшбасшылық қасиеті шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болған көрінеді.