
РПЛ-дің 26-турында Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Самородов грозныйлық команда жейдесінде «Пари НН» клубына қарсы ойында өнер көрсетеді.
23-жастағы жартылай қорғаушы мен «Ахмат» үшін бұл аса жауапты кездесу болмақ. Дәл қазір грозныйлықтар премьер-лиганың 12-орнынға жайғасқан. Самородовтың командасы жоғары дивизиондағы тіркеуін сақтап қалудың қарекетін істеуде «Химки» мен «Пари НН» өкшелеп келеді – мәскеуліктер қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып тұрса, Нижний Новгород қаласының ұжымында 3-ақ ұпайы кем. Негізгі талас та осы үш клубтың арасында өтетін секілді. Бұларды «Оренбург» пен «Факелдің» қуып жетуі қиын, әсіресе 15-ақ ұпаймен воронеждік клуб.
Сергей Ташуев жаттықтыратын грозныйлық клубтың көктемдегі қарқыны керемет – тек соңғы екі ойында ғана жеңіліс тапты (Кубокте Локомотивтен 1:2 және РПЛ-де чемпиондыққа таластағы Краснодардан 1:3). Қалған кездесулерде «Ахмат» жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын істеді. Мұнда Максим Самородовтың үлесі қомақты. Жалпы, биылғы маусымда грозныйлықтар қатарындағы ең нәтижелі ойыншы да сол – 25 ойында 6 гол мен екі ассист. Максимнің әсіресе соңғы бәсекелердегі ойыны сұрапыл: «Ростовтың» қақпасына жеңіс голын салды 2:1 және премьер-лиганың көшбасшысы «Краснодармен» матчта ассисттің авторы атанған.
Естеріңізде болса, осыған дейін қазақстандық футболшыға «Спартак», «Локомотив» секілді клубтардың қызығушылық танытқаны мәлім. Біраз БАҚ-та Самородовтың есімі ресейлік топ-клубтардың шорт-тізімінде жүр деген түрлі ақпараттар тараған. Сол үшін Самородовтың грозныйлық клуб жейдесінде өткізетін ертеңгі және жалпы алдағы күндердегі ойындары өте маңызды болуда.
«Пари НН» - «Ахмат» кездесуі ертең біздің уақытпен 16:00-де басталады. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы аталған кездесуді негізгі құрамда бастап, командасын алға сүйреуі тиіс.
Біздің серіктес: FONBET