Акмаль Бақтияров жаңа клубы үшін жеңіс голын соқты.
«Волгарь» клубының намысын қорғайтын отандасымыз Ресейдің екінші лигасының 14-турында «Калугаға» қарсы матчты негізгі құрамда бастап, ойынның 45-минутында мергендік танытты. Ал кездесудің өзі алаң иелерінің жеңісімен аяқталған болатын (5:1).
Айта кетейік, Акмаль Бақтияров Астраханьдық команда қатарын осы жазда толықтырған. «Қайраттың» түлегі содан бері «Волгарь» сапында екінші лигада 14 кездесуге қатысып, екі доп соғып, үш голдық пас берді. Сондай-ақ, Бақтияровтың еншісінде Ресей кубогінде соққан бір голы мен голдық пасы бар. Астрахань қаласының клубы 23-ұпаймен қазір екінші дивизонда екінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET