"Реал Мадрид" Алматыдағы матчқа негізгі ойыншыларын әкеле ме? Әзірге Мадридтік клубтың ойыншылар тізімі жарияланған жоқ, бірақ Қазақстандық жанкүйерлер Мбаппе, Куртуа, Вини, Беллингемдерді "Орталық стадионда" көргісі келіп отырғаны белгілі.
Әлеуметтік желіде Қазақстандық әжелердің "Реалға” толық құраммен келуге үндеу жасаған видеосы кең тарады. Видеодағы кейіпкерлер Мбаппе, Винисиус пен Беллингемді Қазақстанның ұлттық тағамы бешбармақпен сыйлауға уәде беріп отыр. Сонымен қатар, әжелер "Реалдың” бас бапкері Хаби Алонсоға да дастарқан әзірлеуге дайын екендерін айтты.
Әжелер командаға Қазақстанға сәтті сапар тілеп, жылы лебіздерін жеткізді. Көпшілік бұл видеоны бұрын Иэн Гэрриге Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек алдында жасаған үндеумен салыстырды.
Видео Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болып, үлкен қызығушылық тудыруда.