“Қайрат” пен “Реал арасындағы матч билеттерін алу нағыз қиындыққа айналуда. Қазақстандықтар сағаттап кезекте отырса да, төлем кезінде жүйе “билеттер сатылып кеткен” деп хабарлап, оларды кезектің соңына қайта қалдырып отырды деп хабарлайды ZTB News.
Бір қолданушы былай дейді:
“Билеттер үшін екі сағатым кетті. Кезегім 1874-ші еді. Сайт жұмыс істеп тұрды, бос орындар көп екенін көрдім. Таңдап, төлемге өттім, бірақ экранда “билеттер сатылып кеткен” деген хабар шығып, мені кезектің соңына тастады.”
Тағы бір жанкүйер үш сағат бұрын қосымшаны ашқанын, 17:00-де “сатып алу” батырмасын басқанын, бірақ жүйенің істемей қалып, қайта қосқанда 54 000-шы кезекке түскенін айтты.