Қазақстан құрамасының бас бапкері: Дастан Сәтпаев деген жарық жұлдыз

22.03.2025, 13:28

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукадир Хусановпен салыстырып, мықты тұстарын тілге тиек етті.

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Дастан Сәтпаев деген жарық жұлдыз
Дастан Сәтпаев

«Дастан Сәтпаев деген жарық жұлдыз. Оны Хусановпен салыстырғам жақында. 16 жасында Хусановты ешкім танымайтын, ал Дастанды осы жасында «Челсиге» жіберді. Дастанның қайталанбас талантын өзімнің көзіммен көрдім. Біздің елімізде туғанына қатты қуаныштымын. Оның ерекшелігі алаңда қашан және нені істеу керектігін білуінде. 16 жасында барлығын түсінеді. «Челси» керемет трансфер жасады деп есептеймін. Егер біз оны дұрыс дамытып, шеберлігін шыңдайтын болсақ, Мудриктен кем болмайды. Сөзсіз!», - деді Ә. Әлиев. 

Айта кетейік, бас бапкер Әли Әлиев «Челси» шабуылшысын Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Уэльс пен Лихтенштейн құрамасына қарсы ойынға қатысатын футболшылар тізіміне қосқан болатын. 

Естеріңізде болса, Дастан Сәтпаев ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі турында өнер көрсетіп, бір гол салды. Бұл оның ересек деңгейдегі алғашқы голы. Осы жағдай шабуылшыны ұлттық команда қатарына шақыртуға ықпал еткен секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×