Қазақстанмен матч өткізу үшін жұмысынан демалыс алған

Лихтенштейн бас бапкері Конрад Фюнфштюк Қазақстанға кәсіби ойыншылардан бөлек, қарапайым жұмысшыларды да алып келгенін жеткізді.

Қазақстанмен матч өткізу үшін жұмысынан демалыс алған

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Лихтенштейн матчы 10 қазан күні 19:00-де басталады. Алайда оған дейін қос құраманың бапкерлері мен ойыншылары баспасөз-мәслихатына қатысып, ертеңгі ойыннан не күтетінін айтып өтті. Мәселен, қарсылас ұжымның жаттықтырушысы Конрад Фюнфштюк былай деді:

  • Қазақстан – өте мықты қарсылас және біз де ойнай алатынымызды дәлелдегіміз келеді. 

 

  • Құрамада бар-жоғы бес кәсіпқой ойыншы        бар. Өкінішке қарай, қалғаны басқа жұмыс істеуге мәжбүр. Мұнда келіп, өз елінің намысын қорғау үшін олар демалыс алды және біз оны бағалаймыз. 0:0 есебінің өзі біз үшін жақсы нәтиже болар еді.

Ертеңгі болатын кездесуге қарсылас ұжым мықты болмай тұрғанына қарамастан, елордадағы Қазақстан жанкүйерлері бір күн ішінде 28 мың билетті сатып алып үлгеріпті. Матч басталғанша, 30 мыңдық “Астана Арена” стадионы лық толады деп күтілуде. 

10 қазандағы кездесуді өткізіп болған соң, біздің құрама Македониямен кім мықтыны анықтау үшін Скопьеге жол тартпақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×