Қазақстаннан Иракты артық көрді – Африкалыққа ҚПЛ неге ұнамады?

Бүгін, 10:06

Нигериялық жартылай қорғаушы Эссьен Эдедем Қостанайлық "Тобылдан" Ирак чемпионатының клубына неліктен ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстаннан Иракты артық көрді – Африкалыққа ҚПЛ неге ұнамады?

Футболшының айтуынша, Қазақстандық клубтағы қаржылық мәселелер мен келісімшарт талаптары оның шешіміне тікелей әсер еткен.

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Эдедем "Тобылдах жалақының уақытылы төленбегенін ашық айтты. Клуб тарапынан келісімшартты жалғастыру туралы ұсыныс түскенімен, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған.

"Тобыл” маған қажетті жағдайды жасай алмады. Оның үстіне, жалақыны уақытылы төлеу жағынан да қиындықтар болды. Олар маған жаңа келісімшарт ұсынғанымен, менің талаптарымды орындаған жоқ. Сондықтан жолдарымыз екіге айырылды." — деді Нигериялық ойыншы.

Қазіргі таңда Эдедем Ирак чемпионатында бағын сынап жатыр. Ол жаңа ортасына тез үйреніп, таңдауына көңілі толатын көрінеді.

Футболшы Ирак біріншілігін жоғары бағалап, оны "мықты лига” деп атады.

Қазіргі таңда ойыншы өзіне қолайлы жағдай тапқанына шүкіршілік етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×