Қазақстанның алдында ешқандай мақсат жоқ, сол үшін «Қайрат» дұрыс істеп отыр? Мамандар алматылық клубты жақтауда

08.10.2025, 13:29

Танымал маман Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының қарым-қатынасы, ӘЧ-2026 іріктеуіндегі ойындарға қатыспауы мүмкін алматылық футболшылар туралы пікірімен бөлісті.

Қазақстанның алдында ешқандай мақсат жоқ, сол үшін «Қайрат» дұрыс істеп отыр? Мамандар алматылық клубты жақтауда
"Қайрат" футболшылары

Айта кетейік, Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға «Қайрат» сапынан тек Дамир Қасаболат қана қатысуы ықтимал. Дастан Сәтпаев бастаған бірнеше футболшы жарақатына байланысты өнер көрсетпеуі мүмкін делінген.  

«Бұл жерде анықтап алу керек, өйткені, клуб пен құрама арасында бір келісім болуы мүмкін. Неге десек, бізде Әлем чемпионатының іріктеуінде ешқандай мүмкіндік жоқ. Қазақстанға тіпті, 2-3-орынның өзі бұйырмай тұр. Ал Дастан Сәтпаев та, Александр Мрынский де әлі жас футболшылар. Шамадан тыс жүктеме оларға ауыр тиюі мүмкін. Құрамада өнер көрсетеді, Чемпиондар Лигасы бар, мына жақта премьер-лига дегендей. Сондықтан, екі тарап өзара мәмілеге келген болса, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Айтып отырмын ғой, Қазақстанның алдында Әлем чемпионатына шығатындай үлкен міндеттер тұрса, онда әрине, басқа әңгіме. Ал қазіргі жағдайда, басқа футболшыларды да шақыруға болады емес пе?! Сол үшін «Қайратқа» өкпе арту орынсыз», - деді белгілі бапкер «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінде 5 кездесуден кейін 3 ұпаймен төртінші орынға жайғасуда. J тобында 11 ұпайы бар Солтүстік Македония көш бастауда. Соңғы сатыда Лихтенштейн (0 ұпай).    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×