Станислав Черчесов Аустрияға қарсы кездесуге дайындық пен футболшылардың жағдайы жайлы айтты. Ұлттық команда бас бапкері сондай-ақ, ертеңгі ауа-райы жағдайының ықпалы турасына да тоқталған болатын.
«Ауа-райының факторы әрине ойынға әсер етпей қоймайды. Бірақ біз барымызды саламыз. Оның үстіне бұл Ұлттар Лигасындағы өз алаңымызда өткізетін соңғы кездесу екен. Сол үшін аянып қалуға болмайды. Қазір енді дәрігерлерге құлақ түреміз, маңыздысы осы. Кімнің денсаулығы ойнауға мүмкіндік береді, кімде жарақаты бар дегендей. Ойын алдында осындай дүниелер көп болады. Алаңға біздің құрамнан кім шығады деген мәселе ғана емес, қарсыластың құрамына да зер саламыз. Міне осындай жағдайдамыз», - деді С.Черчесов.
Қазақстан құрамасы әзірге өз тобында соңғы орында. Қоржынымызда Норвегиямен өткен кездесуде еншілеген бір ұпай ғана бар (0:0). Ұлттық команда ертеңгі ойыннан соң 17-қарашада Норвегиямен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET