Қазақстанның екі топ клубы “Бунедкор” ойыншысына көз тігіпті

Сол қаптал қорғаушы Итсуке Урате мансабын ҚПЛ жалғастыруы мүмкін.

Қазақстанның екі топ клубы “Бунедкор” ойыншысына көз тігіпті

2025 жылдың соңына қарай Уратенің өзбекстандық клубтағы келісім шарты аяқталады. Жапондықтың өзі “Бунедкорда” қалатын ойы жоқ. 

Итсукеге біздің клубтар тарапынан кәдімгідей қызығушылық болған. Оның бірі - “Ақтөбе” болуы да мүмкін. Николай Костовтың командасы жаңа маусымға Богдан Вэтежелуді қалдырмаса, онда Урате секілді қорғаушылар іздейтіні анық. 

Осы маусымда 28 жастағы жапондық "Бунедкор" жейдесінде 17 матч өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді. 

Еске салсақ, биылғы жылы ҚПЛ алғаш рет “Ұлытау” сапында Котару Киси есімді күншығыс елінің азаматы өнер көрсетті. Еліміздің жаңа облысының ұжымына келе сала 25 жастағы ойыншы жергілікті фанаттарды өзіне қаратты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×