Белгілі қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына болжам жасады.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада спортшы сенімді түрде:
"Қайрат” "Реалды” 5:0 есебімен жеңеді. Себебі жанкүйерлердің зор сенімі мен қолдауы арқасында "Қайрат" сабырмен жеңіске жетеді. Мен бұған кәміл сенемін, есте сақтаңыздар! Қалай Аргентина – Ямайка 5:0 дейді, дәл солай "Қайрат” та "Реалды" 5:0 ұтады.” – деді Балауса.