Қазақстанның ең үздік футболшысы кім екені белгілі болды

30.12.2025, 16:50

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев өткен маусымның қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік ойыншысы кім екенін айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстанның ең үздік футболшысы кім екені белгілі болды

Маманның таңдауы Aлматылық "Қайраттың" жас таланты Дастан Сәтпаевқа түсті.

Неліктен Дастан Сәтпаев?

Адиевтің айтуынша, биыл бірнеше отандық футболшы жоғары деңгейде өнер көрсеткен. Алайда, "Қайрат” клубының жетістіктері мен ойыншының жеке үлесі Сәтпаевты көшбасшы ретінде ерекшелейді.

"Бірқатар Қазақстандық футболшылар өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Дегенмен, мен Дастан Сәтпаевты ерекше атап өткенді жөн көремін. "Қайраттың" ел чемпионы атанғанын және Алматылықтардың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алғанын ескерсек, оның еңбегі орасан зор." — деді Адиев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×