Бүгін 16:00-де Қазақстан құрамасының 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталады. Жере тарту рәсімін ФИФА-ның ресми сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, АҚШ, Мексика мен Канада бірігіп өткізетін мундиальға баратын командалардың іріктеуі мүлде жаңа форматта өтеді. Іріктеу ойындары наурызда басталып, бір жылдан кейін - 2026-жылдың наурызында аяқталмақ. Үміткер құрамалар 4 және 5 командалардан құралатын 12 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. 5 құрамадан тұратын топтардың іріктеу ойындары алдағы наурызда басталады. Ал төрттіктерден құралған құрамалардың іріктеу ойындары күзде өтеді. Сонымен, әлем біріншілігінің тікелей жолдамасына осы топтардың жеңімпаздары иелік етсе, қалған 4 билет өз топтарында екінші орын алған 12 құраманың арасында сарапқа салынады. Бұған тағы 2024-2025-жылғы Ұлттар Лигасындағы үздік төрт команда келіп қосылады. Сонымен, барлығы 16 команда төрт жолға бөлініп, төрт-төрттен топталып, өзара шын мықтыны анықтайды. Ал түйіспелі турнир жартылай финалдық және финалдық бір-бір кездесу аясында өтпек. Бұл бәсекелер 2026-жылдың наурызына жоспарланған.
Жаңа форматта Қазақстанның мүмкіндіктері қандай? Қандай командалармен жолымыз түйіседі? Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша біз 4-себетке (корзина) түстік. Ал қалған себеттер былай түзілген болатын:
1 себет: Франция, Испания, Англия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Италия Германия, Хорватия, Швейцария, Дания, Аустрия.
2-себет: Украина, Швеция, Түркия, Уэльс, Мажарстан, Сербия, Польша, Румыния, Грекия, Словакия, Чехия, Норвегия.
3-себет: Шотландия, Словения, Ирландия, Албания, Солтүстік Македония, Грузия, Финляндия, Исландия, Солтүстік Ирландия, Черногория, Босния және Герцеговина, Израиль.
4-себет: Қазақстан, Қазақстан Болгария, Люксембург, Беларусь, Косово, Армения, Әзербайжан, Эстония, Кипр, Фарер аралдары, Латвия, Литва.
5-себет: Молдова Мальта Андорра Гибралтар Лихтенштейн Сан-Марино.
Ескерте кетейік, Қазақстан іріктеу турнирінде өзінің себетіндегі командалармен бір топқа түспейді.
Біздің серіктес: FONBET