Жолдастық кездесу тағдырын 1 гол шешті.
Ташкентте өткен матчта Денис Мамонов Өзбекстанның U20 ұжымынан 1:0 есебімен жеңілді. Алаң иелері ойынның бітуіне 6 минут қалғанда Абдурахмонов есімді футболшысының арқасында есепте алға шығып, жеңіске жетті.
Бұған дейін жастар Еуро-2027 іріктеуі аясында Андорра (0:1) мен Англиядан (0:2) есебімен жеңілді.
Айта кетейік, Қазақстан U21 мен Өзбекстан U20 арасындағы екінші жолдастық ойын 14 қазан күні ойнатылады.
Айтпақшы, бүгін Өзбекстанның U17 санатындағы құрамасы Түркиядағы қатарластарымен 2:2 есебімен тең тарқасып, лайықты деңгейде қарсылық көрсетті.