Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы басымдығы белгілі болды

12.11.2024, 14:59

Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Ұлттар Лигасындағы Қазақстанмен болатын бәсеке жайлы айтты. Неміс маманының айтуынша, ойынға қатысты басты мәселе Қазақстанға келудің алыстығымен байланысты.

Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы басымдығы белгілі болды
Ральф Рангник

«Мұнда басты мәселе біздің бұл саяхатты қалай өткізетінімізге, оған қалай шыдас беретінімізге байланысты. Алайда, бұл еш қиындықсыз қолымыздан келеріне нық сенімдімін», - деген еді Р. Рангник. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 14-қарашада Аустрияны қабылдайды. Ал 17-де сырт алаңда Норвегиямен шеберлік байқасады. Біздің команда әзірге жалғыз ұпаймен өзінің тобында соңғы орынға табан тіреген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×