Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қарсыластары ФИФА рейтингінде көтерілді

19.09.2024, 19:18

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ерлер құрамаларының жаңартылған рейтингін ұсынды, деп жазады Sports.kz.

Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қарсыластары ФИФА рейтингінде көтерілді

Жаңартылған тізімде ел құрамасы сол күйі 109 орында келеді. Алдыңдағы кестемен салыстырғанда ешқандай өзгеріс жоқ.

Алайда Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қос қарсыласы өз позицияларын жақсартты. Мәселен Словения 52 орыннан 51 орынға көтерілді. Ал Норвегия болса, бірден 3 сатыға көтеріліп, 47 орынға жайғасты. Тағы бір қарсыласымыз Аустрия ұжымы 22 орында қалды. 

Айта кетейік, біздің жігіттер Ұлттар Лигасының жаңа маусымында екі ойын өткізді. Алғашында өз алаңында Норвегиямен (0:0) тең тарқасқан команда “Стожицеде” Словениядан айласын асыра алмады (3:0). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×