“Қазақтың қаһарманы” Темірлан Анарбеков пен Қазақ футболының тарихи түні

27.08.2025, 01:30

Футболдың ұлы сәттері тек шабуылшылардың соққан голдарымен ғана өлшенбейді. Кейде бір қақпашының ерлігі күллі клубтың тағдырын өзгертеді. Алматыда өткен "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы жауапты кездесуде дәл сондай ғажайыпқа куә болдық.

“Қазақтың қаһарманы” Темірлан Анарбеков пен Қазақ футболының тарихи түні

Бірінші ойында негізгі қақпашы Иван Заруцкий жарақат алып қалғаннан кейін, көпшілік "Қайраттың” екінші қақпашысы жас Темірлан Анарбековке күмәнмен қарады. Бірақ дәл сол жігіт  қазақ футболының тарихын ерлікпен жазды.

Алматының "Орталық” стадионында өткен бұл ұлы шайқаста "Қайрат" жанкүйерлерінің жүрегі бір сәтке де тоқтап тынышталған жоқ. "Селтик” секілді алып клубқа қарсы тұру оңай емес еді. Бірақ Анарбеков әрбір шабуылға төтеп беріп, қақпаны тас қамалға айналдырды. Оның қырағылығы мен реакциясы ойынның шешуші сәттерінде "Қайратты" сақтап қалды.

Ойын негізгі және қосымша уақыттан кейін тең аяқталды. Барлығы пенальтилер сериясына тірелді. Дәл осы жерде қазақ футболының жаңа қаһарманы дүниеге келді.

Пенальти қақпашылар үшін ең ауыр сынақ. Бірақ Анарбековтің сол түні ештеңеден қорықпағаны байқалды. Ол бір емес, үш бірдей соққыны қайтарып, "Қайратты” Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шықты. Бұл клуб тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістік.

Жанкүйерлер трибунада көз жасын жасыра алмай, шаттықтан айғайға басты. "Қайрат" Еуропа аренасында алғаш рет өз есімін алтын әріппен жазды. Ал бұл ерліктің ең басты кейіпкері 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков болды.

Футболда мұндай сәттер сирек туады. Анарбековтің ерлігі тек бір ойын емес, бүкіл ұлттың мақтанышына айналды. 

Бір сәтте қарапайым екінші қақпашыдан Ағылшын Премьер лигасының чемпионы атақты Каспер Шмейхельді қапыда қалдырып, халық қаһарманына айналған Темірланның есімі енді ұзақ уақыт бойы айтылары анық.

 Бұл түн тек "Қайраттың” емес, қазақ футболының ұлы жеңісі.

Қуан Қазақ!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 41
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×