Қазақтың қақпасында 18 жасар қаһарман! Шерхан Қалмұрза Еуропаны дүр сілкіндірді

19.09.2025, 01:15

Бұл сәт қазақ футболының тарихында алтын әріппен жазылары хақ. Лиссабонның жүрегінде, аты аңызға айналған "Жозе Алваладе" стадионында, 50 мың жанкүйердің шулаған дауысы арасында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза алғаш рет алаңға шықты. Бұл тек оның жеке дебюті емес еді бұл бүкіл "Қайраттың" да, Еуропаға жасаған алғашқы қадамы болатын.

Қазақтың қақпасында 18 жасар қаһарман! Шерхан Қалмұрза Еуропаны дүр сілкіндірді

Жас қақпашының мойнына артылған жүк жеңіл емес. Темірлан Анарбеков пен Александр Заруцкий сынды ағалары жарақат алып, қатардан тыс қалды. Бірақ дәл осы сәтте қазақ жанкүйерлерінің үкілеген үміті Шерханның жүрегінде дүрсілдеп тұрды. Ол тек қақпаны емес, миллиондаған қазақтың сенімін қорғады.

"Спортинг" капитаны, Дания құрамасының жұлдызы Мортен Юльманд пенальти орындауға келді. Жүздеген ойыннан өткен тәжірибелі ойыншы жас балаға гол соғатынына сенімді болды. Бірақ қақпада жас қыран Шерхан! Соққы жасалды… және қазақ батыры допты сәтті қайтарды! Стадион ду ете қалды, бірақ бұл дуылдың ішінде Шерханның үнсіз айқайы, 17 миллион қазақтың шаттығы естіліп тұрды.

Бұл қазақ футболының үмітінің оянуы. Бұл Анарбеков бастаған жолды жалғау. Бұл бізде де жүрегі темірдей, рухы мықты батырлар бар екенін дәлелдеу.

Қайрат жеңді ме, жеңілді ме маңызды емес. Бүгін біз жаңа қаһарманды таныдық. Бүгін қазақ футболының жүрегі тағы да дүрсілдеді. Шерхан Қалмұрза сен біздің мақтанышымызсың!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×