“Қажет деп санамаймын” – Виктор Скрипник “Ақтөбеге” ауысуы мүмкін деген қауесетке нүкте қойды

Бүгін, 08:35

Украиналық бапкер "Ақтөбенің" қызығушылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қажет деп санамаймын” – Виктор Скрипник “Ақтөбеге” ауысуы мүмкін деген қауесетке нүкте қойды

Жақында БАҚ беттерінде биыл жазда ғана "Заря" тізгінін екінші мәрте қолға алған 56 жастағы маманның Қазақстанға ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. "Ақтөбенің” бапкерлігіне үміткерлер қатарында тағы бір Украиналық маман Роман Григорчуктың да есімі аталуда.

Алайда Виктор Скрипник маусым ортасында клубтан кету жоспарында жоқ екенін аңғартты:

"Мен түрлі қауесеттер мен біреулердің тарапынан болған қызығушылықтарға қатысты пікір білдіруді қажет деп санамаймын.” – деді бапкер Украинский футбол басылымына берген сұхбатында.

16 турдың қорытындысы бойынша “Заря" 23 ұпаймен Украина Премьер лигасында 8-орында келеді. Келесі ойын 2026 жылдың 21 ақпанында "Кудривкаға” қарсы өтеді.

“Ақтөбенің” соңғы бапкері Украинаға таныс маман Николай Костов болды. "Ақтөбе" 2025 жылғы маусымды 5-орынмен аяқтап, Еурокубоктардан тыс қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×