Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов көлемді сұқбат беріп, өзінің бұрынғы қызметіне байланысты біраз пікірін ортаға салды.
Ресейлік маман Қазақстан құрамасының қазіргі жетістігіне өзінің еңбегі барын ашық меңзеген болатын.
«Егер біз тек нәтижені көздесек, мүмкін ұпай жинауға болатын еді, бірақ ондайда уақыт жоғалтып алатын едік. Әйтсе де, футболшыларды шыңдап, жаңа ойыншыларды ширатып, ойын жүйесіне өзгеріс енгізіп, төрт қорғаушы схемасына көштік, осының барлығының негізін қаладық. Қазір Қазақстан құрамасының сапында екі гол салған кім? Менің командамда дебют жасаған Кенжебек. Бұл көрсеткіш емес пе. Менің арқамда емес, жұмыстың дұрыс басталғанының пайдасында. Бір матчпен шектелмей, алдыға – іріктеу турниріне көз тастау керек. Ал сені орта жолдан тоқтатса... Не үшін өкінуім керек? Осындай шешімді қабылдаған адам өкінсін. Егер ол дұрыс істедім десе, құдай ақы. Мен өз жұмысымды адал атқардым. Нені, қалай істейтінімді ашық айтатынмын, мұны басшылығым да білетін. Алдын-ала таңдалған жолымызбен жүрдік, саналы түрде, ешқандай бей-берекетсіздік болған жоқ», - деді С. Черчесов «СЭ» порталына берген сұқбатында.
Станислав Черчесовтің жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының В лигасынан С-ға төмендеді. Ресейлік маманның командасы Аустрия, Словения және Норвегия құрамаларымен бір топта соңғы орын алып, бір ұпай ғана ешілеген еді.