“Әке, шаршадым, бәрі бітті!” – Неймардың футболмен қоштасуға сәл-ақ қалғаны белгілі болды

05.01.2026, 21:17

Әлемдік футболдың жарық жұлдызы Неймар спорттық мансабын аяқтау туралы ойланған. Бұл туралы футболшының әкесі мәлімдеме жасап, ұлының ауыр жарақатпен қалай күрескенін жария етті.

“Әке, шаршадым, бәрі бітті!” – Неймардың футболмен қоштасуға сәл-ақ қалғаны белгілі болды

"Бұдан әрі шыдай алмаймын..."

Осыдан бірнеше ай бұрын, Неймар жарақатынан айыға алмай, психологиялық тұрғыда қатты соққы алған еді. Сол кезде ол әкесіне ішкі зарын ақтарып, футболдан мүлдем кеткісі келетінін айтқан екен:

"Әке, мен енді бұған шыдай алмаймын. Маған тағы да ота жасату керек, бірақ оның пайдасы бар ма, жоқ па, оны да білмеймін. Мен бәрінен шаршадым.” — деген екен Неймар көз жасына ерік беріп.

Нағыз ерлік: Жарақатпен жүріп командасын құтқарды

Көңіл-күйінің төмендігіне және төзімі таусылғанына қарамастан, Бразилиялық шабуылшы берілмеді. Ол алаңға ауырсынуды сезіне отырып доп теуіп, нағыз лидерлік қасиетін көрсетті. Нәтижесінде:

Туған клубы "Сантосты” төменгі дивизионға ұшып кетуден сақтап қалды және еомандасына Оңтүстік Америка кубогына (Sudamericana) жолдама алып берді.

Бұл Неймардың тек шебер ойыншы ғана емес, сонымен бірге рухы мықты күрескер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×