Нидерландық клуб аты аңызға айналған Златан Ибрагимовичтің ұлы — Максимилиан Ибрагимовичті өз қатарына қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.
19 жастағы шабуылшы “AC Милан” клубынан маусым соңына дейін жалға алынды.
Тарих қайталана ма?
Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Златан Ибрагимович дәл осы "Аякс" сапында жарқырап шығып, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналған еді. Енді оның ұлы Максимилиан әкесінің ізін басып, Амстердамда бағын сынап көрмек.
Келісімшарт
"Милан” клубы ресми мәлімдеме жасап, Максимилианның жалға берілгенін растады. Келісімшарттың басты ерекшелігі — маусым соңында "Аякстың" ойыншыны толықтай сатып алу құқығына ие болуы.
Максимилианның қазіргі бабы
Жас талант биылғы маусымда "Миланның” қосалқы құрамында (Milan Futuro) тамаша өнер көрсетті. Ол небәрі жарты маусымда 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерген.
Алдағы жоспар
Әзірге жас Ибрагимовичтің негізгі құрамда ма, әлде клубтың екінші командасы — "Йонг Аякста” ойнайтыны белгісіз. Дегенмен, сарапшылар оның еңбекқор мінезі мен гол соғу түйсігі әкесінен кем түспейтінін айтуда.