Жапониялық жартылай қорғаушы Кейсуке Хонда карьерасын Бразилияның «Ботафого» клубында жалғастырады. Кеше футболшыны жанкүйерлер Рио де Жанейро әуежайында қуана қарсы алды. Команданың мыңдаған фанаттары 33 жастағы ойыншыға құрмет көрсетіп, ыстық ықыластарын жеткізді. Сосын «Ботафого» клубы жаңа футболшысын «Олимпико Нилтон Сантос – Энженьян» стадионында ресми таныстырды. Хонданы көруге жанкүйер көп жиналды. Жапон жігіті Бразилия клубына тегін қосылды.
Бұған дейін ол Голландияның «Витесс» командасында доп тепкен еді. Алайда Кейсукенің қызғалдақты елдегі аяқ алысы жарты жылға ғана созылды.
Біздің серіктес: FONBET