Қазақстан Премьер лигасы келер жылы 16 командаға ұлғаюы мүмкін. Қазір Федерация тарапынан бұл мәселе жан-жақты қаралып жатыр.
Елімізде 3 мегаполис қала және 17 облыс бар. Ал Қазақстан чемпионатында небәрі 14 команда. Өткен маусымда Павлодардың «Ақсуы» соңғы сәтте ҚПЛ-дан бас тартып, тіпті 13 клуб қатысты. Бұл ішкі біріншілік үшін біраз қиындық туғызып, ойындар саны азайып қалды. Егер 16 команда болса чемионат 30 турға ұзарады. Матчтар көбейіп, бәсекелестік арта түседі. Сондықтан, ҚФФ ҚПЛ біріншілігін кеңейтуді көздеп отыр. Бірінші лига жеңімпазы Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Жезқазғанның «Ұлытау» командаларынан бөлек, Ақтаудың «Каспий» клубы да жоғары лигаға көтерілуі бек мүмкін. Маңғыстаулық команда бұл жағымды жаңалықты естіп, оқу-жаттығу жиынын ҚПЛ клубтарымен бірге өткізуге осы бастан қамданып жатыр. Сондай-ақ, биыл Бірінші лигаға құлдыраған Қарағандының «Шахтері» де ҚПЛ-дағы өз орнын сақтап қалмақ. Сенімді дерек көздерге сенсек, бұл өзгерістер жыл соңына дейін хабарланады.
Біздің серіктес: FONBET