Келесі маусымда РПЛ-де 16 команда ойнайды

22.07.2020, 03:29
Исламбек Қуаттың командасы бәрібір төменгі лигаға түсіп қалды.
Келесі маусымда РПЛ-де 16 команда ойнайды

Ресей футбол одағындағы ақпарат көздерінен белгілі болғандай, РФС атқарушы комитеті Ресей премьер-лигасының 2020/2021 маусымына 18 командаға дейін кеңейту мәселесін мүлдем қарастырмайды. Осылайша, келесі маусымда Ресей чемпионатында тағы да 16 клуб өнер көрсететін болады.

Осы жылдың қаңтарында РПЛ клубтарының көпшілігі турнирді 18 қатысушыға дейін кеңейту идеясын ұсынған еді. Жаңа формат келесі маусымда жұмыс істей бастайды деп жоспарланған болатын.

Коронавирустық пандемиядан туындаған мәжбүрлі үзілістен кейін өтпелі матчтардан бас тарту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде Премьер-лигаға Ұлттық футбол лигасынан екі команда - "Ротор" мен "Химки" шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×