Келесі жылдан бастап Премьер-лига қатысушыларының қосымша әйелдер командасы болуы қажет

18.09.2024, 20:47

Бұл талапқа бағынбағандар ішкі чемпионаттан шеттетіледі.

Келесі жылдан бастап Премьер-лига қатысушыларының қосымша әйелдер командасы болуы қажет

2024 жылдың мамыр айында Ирландия астанасы Дублинде УЕФА Атқарушы комитетінің арнайы жиыны өтті. Онда Қазақстанда әйелдер футболын дамытуға бағытталған жоба қарастырылды. Арнайы жүйеге сәйкес, ҚПЛ барлық қатысушыларының өзіндік әйелдер командасы болуы шарт. Жаңа ереже 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

Жобаның орындалу барысын УЕФА ұйымы жіті бақылауына алады. Футбол қауымдастығы 2034 жылға дейін Қазақстанда әйелдер футболын дамытуды көздеп отыр. Сол арқылы нәзік жандылардың аладоп бәсекесіне деген қызығушылығын  арттырып, олардың қолайлы жағдайда жаттығуына себепкер болады.    

Қазіргі сәтте біздің елде жалпы алғанда 5 әйел командасы бар. Олардың ішіндегі ең танымалы - “БИІК-Қазығұрт” ұжымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ҚПЛ футбол
×