Келесі жылы Ибрагимович жайлы фильм түсірілмек

11.11.2020, 14:41
Сценарийді «Мен Златанмын» деген кітаптың авторы жазбақшы.
Келесі жылы Ибрагимович жайлы фильм түсірілмек

2021 жылы «Миланның» 39 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимовичке арналған фильм шығады. Фильм «Мен Златанмын» деп аталады, деп хабарлайды Football Italia.

Дэвид Лагеркранц сценарий авторларының бірі болады. Ол - Ибрагимовичтің өмірбаяны жайлы кітабының авторы. Айтпақшы, бұл кітап та «Мен Златанмын» деп аталады. Фильмде Ибрагимовичтің жас кезі және кәсіби футболдағы алғашқы жылдары туралы баяндалады. Ибрагимович өзінің өмірбаяны жайлы кітабында Швециядағы жастық шағы және көптеген күлкілі әңгімелер туралы егжей-тегжейлі айтып берген еді.

Жас Златанның рөлін екі актер сомдайды. Олардың бірі 11-13 жасындағы, екіншісі 17-23 жасар Ибрагимовичтің рөлін ойнайды. Түсірілім қазан айында басталды. Көрсетілім 2021 жылдың күзіне жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×