Келісім толықтай жүзеге асты – Қазақстандық футболшы мансабын Румынияда жалғастырады

Бүгін, 10:50

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов кәсіби мансабындағы жаңа парақты ашты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Келісім толықтай жүзеге асты – Қазақстандық футболшы мансабын Румынияда жалғастырады

Түркиялық "Адана Демирспор" клубынан кеткеннен кейін жарты жылға жуық еркін агент мәртебесінде болған отандасымыз бүгін Румынияға барып, жергілікті "Петролул” клубымен ресми түрде келісімшартқа отырады.

Абаттың үлкен футболдағы жолы 2013 жылы  "Ақтөбе” клубынан басталды. Онда ол жеті жыл ішінде 124 ойын өткізіп, Қазақстан чемпионы және Суперкубок иегері атанды. Кейіннен "Қайрат" пен Ресейлік "Крылья Советов” сапында бағын сынап, Самара ұжымының Премьер лигаға жолдама алуына септігін тигізді.

Айымбетовтің мансабындағы ең жемісті кезеңдердің бірі — "Астана" клубындағы жылдары. Елордалық клуб сапында 91 матчта 29 гол соғып, шабуыл шебіндегі таптырмас ойыншы екенін дәлелдеді. Бұл нәтиже оған Түркияның жоғары лигасына (Адана Демирспор) жол ашты.

Абат — Қазақстан құрамасының соңғы жылдардағы басты гол соғушыларының бірі. Дебюттік матчын 2019 жылы Бельгияға қарсы жасады. Содан бері 45 матчта 9 гол соққан. (2025 жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша).

Дания қақпасына соққан жеңіс голы мен Ұлттар лигасындағы Әзербайжанға қарсы дубльі жанкүйерлер есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

"Петролул” сапына ауысу — 274 клубтық ойын өткізіп, 70 гол соққан тәжірибелі шабуылшы үшін Еуропа төрінде өзін қайта көрсетуге жақсы мүмкіндік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×