Келіссөздер соңғы сатыда – “Ақтөбені” Еуропалық бапкер тізгіндемек

Бүгін, 08:53

"Ақтөбе" тізгінін Еуропалық маман ұстауы мүмкін. Словакиялық бапкер Штефан Таркович пен Ақтөбелік ұжым арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Келіссөздер соңғы сатыда – “Ақтөбені” Еуропалық бапкер тізгіндемек
Štefan Tarkovič

53 жастағы Штефан Таркович футбол әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар бапкер. Оның мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі — Словакия ұлттық құрамасын 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алып шығуы.

Сонымен қатар, ол келесідей ұжымдарда жемісті еңбек еткен.

– Клубтық деңгейде: Словакияның "Кошице” және "Жилина” секілді танымал клубтарын жаттықтырған.

– Халықаралық деңгейде: Словакия құрамасынан бөлек, көршілес Қырғызстан ұлттық құрамасында қызмет атқарып, Орталық Азия футболының ерекшелігімен танысып үлгерген.

Қазіргі таңда клуб пен бапкер арасындағы келіссөздер қарқынды жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×