Шотландия! Бұл мемлекетте небәрі 5 миллион халық тұрады. Бірақ сол мемлекетте 40 кәсіпқой футбол клубы бар. Демек, бүкіл мемлекет тұрғындарының футболға қатысы бар деген сөз. Бірі аяқдопшы, бірі бапкер, бірі фанат, бірі сол клубтың стадионында еден жуады. Бұл мемлекетте екі дін бар. Бірі - христиан, бірі - Футбол. Бірақ, халықтың көпшілігі осы екі сенімді де қатар ұстайды. Бір сөзбен айтқанда бұл ел нағыз футболдың отаны.
Шотландиялық "Селтик" қарағандылық "Шахтердің" қарсыласы атанды. Қарағандылық дегеннен гөрі қазақстандық "Шахтер" дегенім дұрыс болар. Өйткені ол бұл жолы "кеншілер" күллі мемлекеттің атынан қатысып отыр жарысқа.
Оның бір дәлелін мен Казгуде жатақханада жатқанда көрдім. Химия саласында тәлім алатын Шотландиядан бір студент бізбен бірге 2 аптадай өмір сүрді. Айқайлап сөйлеп, дауылпазын(волынька) шыңғыртып, емін еркін жүреді екен. Бір күні сұрадым қай қаладансың деп. Данди деді. Содан Данди футбол клубында өнер көрсететін футболшыларды айтып, командасы жайында кішігірім ақпарат айтып едім, екі көзі шарасынан шыға жаздады. Футбол дегенде ішкен асын жерге қоятын өлерменді сонда бірінші рет көрдім. Мен өзімді футболмен "ауырған" адам сезінуімді қойдым сол жігіттен соң. Оныкі менікіне қарағанда асқынған, хронически "ауру" екен. Содан соң, Шотландия фанаттары туралы бірнеше фильмдер көрген соң анық көзім жетті. Оның бірі мынандай.
Бір кісі кішігірім ауданның командасының бас бапкері болады. Олардың басты қарсыласы көрші ауданның командасы. Екі ұжым мысық пен иттей, Барса мен Реалдай. Сосын әлгі бапкердің қызы жаңағы қарсылас команданың басты шабуылшысымен отау құрады. Бірақ, бапкер-әке қызының сол бір жігітке тұрмысқа шығуына қарсы болады. Бірақ, қос ғашық әке батасын аттып өткен. Міне, содан кейін Әке мен қыз бір-бірін көруден қалған. Әлгі күйеу жігіт одан кейін тіпті қайын әкесіне қастық қылған болып, оның командасына қарсы ойында қатты өнер көрсетіп, гол соғып кетеді. Осындай жағдайлардың соңында, күндердің бір күнінде қыз әкесімен қауышады, ал күйеу бала қайын әкесінің командасына ауысады. Түбінде барлығы бақытты аяқталады. Осы жағдайдан-ақ, Шотландиядағы футболға деген көзқарастың қандай екендігін ұғынуға болады.
Одан кейін тағы бір оқиға. Дінтануда оқып жүріп, сабақ үстінде көне кітапты көрдім. Ішінде Иса пайғамбардың суреті тұр екен. Ол кезде Еуро-2012 додасы болып жатқан еді. Түнде тікелей эфирде Грекия мен Чехия арасындағы ойынды жүргізген болатынмын. Әбден Самарас туралы ақпарат айтып, түнімен Георгиосты мадақтаған едім. Ұйқыдан тұрып, амалсыз сабаққа келгенмін. Әлгі суретті көре сала мынау "Самарас қой" деппін. Түр тұлғасы, шашы барлығы да айнымай тұр тегі. Сосын келесі бір ойын кезінде оның өнеріне тіпті ерекше баға беріп отырдым. Ол Зидан секілді, діннің адамындай футболды өте иманды ойнады. Ешқандай тәртіп бұзу жоқ. Оны шалса симуляция жасамайды, қайсібір Грекияның өзге ойыншылары сияқты. Ал негізі Самарасты мен ең алғаш "Манчестер Сити" сапында ойнап жүрген кезінде көргенмін. Ағылшын премьер лигасында әжептәір өсіп келе жатқан болатын. Бірақ, "Сити" ол кезде қазіргі Фулхэмнің деңгейінде еді.
Сол Самарас 2006-жылы Қазақстан құрамасының қақпасына гол соққан. Кипрде өткен халықаралық турнирде ол Лория қорғаған қақпаға екінші таймда гол кіргізді. Бұл матч турнирдің финалы еді. Ол кезде Пайперс баптайтын құрамада Мақсат Байжанов 1-таймда алаңда өнер көрсетті. Екінші таймда қазіргі "Шахтер" ойыншысын бапкер Чичулинге алмастырған болатын. Ал сол 46-минутта Грекия құрамасы сапында Аманатидистің орнына Самарас кірген. Демек "Шахтер" мен "Селтиктің" екі ойыншысы алаңда сол матчта түйіспеген.
"Шахтер" ойыншылары өте бойшаң деген баға алған болатын БАТЭ бапкерінен. Бойы ұзын фтболшылардың көмегі Албаниялықтармен болған теке тіресте де көмегін тигізді. Енді бұл жолы қиын болуы да мүмкін. Себебі, Шотландия екінші қабаттығы футболды бірінші кезекке қояды. балаң баспен футбол ойнасын десең Шотландияға жібер деген мақал бар дейді футбол төңірегінде. Оны әрине ағылшындар, ұлыбританиялықтар айтқан. Баспен ойнадың екінші мағынасы тоқталсақ. Яғни, ақылды футбол. Теория мен теориемаларға сүйену. Уолтор Смиттің теоремалары деген атпен белгілі болған қағидалар. Уолтор Смит ол "Селтиктің" ата жауы "Рэйнджерстің" бапкері болған тұлға. Футболға біршама жаңалық әкелген бапкер еді Смит. Өзіңнің даңқты отандасы Сэр Алекстің ассистенті болып қызмет те атқарды "МЮда". Бапкерлер тақырыбын Леннонмен аяқтасақ. "Селтиктің" футболшысы, капитаны, кейін бапкері болған Нил Леннон жоғарғы деңгейдің футболшысы болмаған. Ал соңғы кездері мынандай қағида шыққанын білесіздер. "Мықты футболшы, мықты бапкер болмайды" деген. Қарап отырсаңыздар, бұл сөздің жаны бар. Лобановский, Фергюссон, Хиддинк, Мауриньо. Осылар мықты футболшы болса, бапкерлік қызметте тамаша жетістіктерге жеткенде ешкім таңқалмас еді. Нил Леннон әзірге керемет жетістіктерге жеткен жоқ. Бірақ, алғышарттар жоқ емес. Өткен жылғы нәтижелер соның дәлелі. "Барсаны" жеңіп біраз елді шулатты. Осыған қарап мен де "Шахтер" бапкерін айта кетуді жөн санап отырмын осы арада. Виктор Кумыков та футболды жарытып ойнамаған. Спорттық ғұмырын жарақатына байланысты ерте аяқтаған қақпашы. Десе де бұл кісі де соңғы екі жылда Қазақстанда ең мықты бапкер болып танылып келеді.
Әрине, мұның барлығы да футболдың төңірегіндегі ғана әңгімелер. Ал екі командағы қатысты ақпараттарды, қызықты фактілерді әр ақпарат көзінен көресіздер. Ең бастысын футболдың өзінен көргеніміз жөн ғой. "Астана-Аренада" кездескенше!
Ермұхамед МӘУЛЕН
Біздің серіктес: FONBET