“Ақтөбе” ойыншысы Арман Кеңесов Премьер-лиганың “Атырауға” қарсы кейінге қалдырылған матчынан шет қалады, деп жазады Kazfootball.kz
“Ақтөбенің” “Жеңіспен” (2:1) бақ сынасқан кездесуінде Арман кезекті сары қағазбен жазаланды. Ал бұл оның бұл маусымдағы 4 ескертуі болып отыр. Сол себептен Кеңесов “Атырауға” қарсы 14-тур ойынына қатыспайды.
Арман “Ақтөбе” үшін осы маусымда ішкі чемпионатта 12 матч өткізіп, 3 гол соқты.
“Ақ-қызылдар” сапында жартылай қорғаушы 2022 жылдан бері есептегенде барлығы 48 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET