Қарағандылық “Шахтер” жанкүйерлері үшін жаңа маусым қарсаңындағы маңызды жаңалықтар белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клубтың спорттық директоры Арсен Іңкәрбеков команданың қазіргі дайындығы мен алдағы жоспарлары туралы ашық айтты.
Қазіргі уақытта команда Астана қаласында соңғы пысықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Клуб басшылығы биылғы маусымға үлкен үміт артып отыр.
Арсен Іңкәрбековтің айтуынша, команда Астанада екі маңызды бақылау матчын өткізеді. Бұл ойындар 15 және 22 наурызға жоспарланған. Осыдан кейін “Кеншілер” оңтүстікке, Шымкент қаласына аттанып, маусымның алғашқы ресми ойындарына соңғы дайындығын жасайды.
Алғашқы қарсыластар кім?
“Шахтердың” биылғы жолы Алматыда басталады. Алғашқы ойын “Қайрат-Жастар” командасына қарсы. Ал, 9 сәуірде Қазақстан Кубогы аясында “Оқжетпеспен” ойнайды. Клуб бұл матчты Кубок ойынын өз алаңында, Қарағандыда өткізуге ниетті.
“Біз қарсыласты өз үйімізде қабылдап, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. Маусымның оңай болмайтынын түсінеміз. Бірақ алдымызға максималды міндеттер қойдық. Команданың нағыз әлеуетін көрсетуге тырысамыз.” — деп түйіндеді Арсен Іңкәрбеков.